Туған өлке бойынша саяхат

 Ата - аналармен жұмыс "Туған өлке бойынша саяхат"

Тәрбиеші:Айтмаганбетова Б.А
№ 11 «Гүлдер»тобы

Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс неғұрлым тиімді болуы үшін олармен байланыстың әрқилы түрлерін қолдану қажет. Бұдан басқа топта,  балабақшада болатын кез-келген   іс-шараларға, тәрбиешіні ең бірінші қолдап, демеу көрсететін ата-аналары. Осыған байланысты ең бірінші ата-аналар төрайымымен және топтың ата-аналарымен тығыз байланыста болуы керек. Кез келген мәселенің жауабын тәрбиеші ата-аналармен шешімін табуға тиісті. Осы жоспарды барлық мәселерін бірлесіп дұрыс жолға қоя білсек, көптеген жұмыстарымыздан жеңілдіктер байқалады.

Дарын спорт кешеніне саяхат:Жас ұрпаққа денсаулығының,өмір сүру үшін қажетті бағалы байлық екендігін түсіндіру

    

Музейге саяхат: «Өлкетану» мұражайына саяхат жасау арқылы өткен тарихымызды  танып білуге және оның ішіндегі  тарихи жәдігерлер  мен құндылықтарымызды өзкөздерімізбен көріп,танысуға мүмкіндік жасалды.

  

Өрт сөндіру бөліміне саяхат:Балалардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып,болашақ мамандыққа байланысты ұғымдарын тереңдетіп қызығушылықтарын артыру Мың түрлі мамандықтар туралы түсінікті қалыптастыру

  

«Алтын күз» ертеңгілігіне орай ата- аналармен көрме ұйымдастырылды. Әр ата- ана қолдарынан келгенше әр түрлі  поделкалар жасап алып келді.