Ойнайық та ойлайық
Қазақ тілі мұғалімі:
Бейсенова Айнагуль Серикбаевна
Ойын – бұл қоғамдық тәсілді меңгеру мақсатында, ситуациялық жағдайда, бағытты түрде іскерлігін көрсететін, өзін – өзі басқаруын жетілдіретін іс – әрекет. Сұлтанмахмұт Торайғыров: «Балалықтың қанында ойын азық» деп бекер айтпаған. Өйткені, ойын үстінде бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады. Қай бала болмасын ойнап өседі. Мұғалім ойын технологияларын пайдалана отырып, баланың әр қырынан көрінуіне және оның мінез – құлқында, қарым – қатынасында, оқуында пайда болатын әртүрлі қиындықтарды жеңуге жағдай жасайды. Ойын арқылы әр баланы жақсылыққа, әдептілікке, азаматтылыққа баулимыз, осы қасиеттерді бойына сіңіреміз. Сонымен қатар ойын кезінде баланың таным қабілеті дамиды, қарым – қатынас жасауға мәжбүрлік туады, өмірге деген қызығушылық қалыптасады.
Сондықтан жас ерекшеліктеріне сай сабақты ойын түрінде өткізу, әсіресе екінші тіл қазақ тілі сабақтарында жақсы нәтиже береді. Ойын арқылы әр баланы жақсылыққа, әдептілікке, азаматтылыққа баулимыз, осы қасиеттерді бойына сіңіреміз. Сонымен қатар ойын кезінде баланың таным қабілеті дамиды, қарым – қатынас жасауға мәжбүрлік туады, өмірге деген қызығушылық қалыптасады.
Тіл үйрену баланың ойлау қабілетімен тығыз байланысты болғандықтан олардың ойлау дағдысын жан – жақты дамытып, кеңейтіп отыру қажет. Балалардың сөздік қорын молайту жөнінде, оларды дұрыс сөйлеуге үйрету жолында өз іс – тәжірибеме сүйеніп мынандай ойындарды қолданамын: дидактикалық, саусақ, ұлттық, қимылды, сөздік, сюжетті рөлдік т.б. ойындар.
