Мерекелер мен ойын-сауықтар «Анашым ,сені жақсы көремін»

№9 «Қарлығаш »мектепалды тобының

тәрбиешісі Найманова  Б.С

   Мерекелер мен ойын-сауықтар

«Анашым ,сені   жақсы  көремін»

Біздің  балабақшада  мерекелерге  әрдайым дайындаламыз. Ойын, би, ән нөмірлерін қосамыз. Ата-аналар көмегімен костюмдар, атрибуттар  жасаймыз. Сценарий дайындап кейіпкерлер кіргіземіз. Осы сценаридегі ойымызды  әріптестердің көмегімен іске асырамыз

    

     «Анашым,сені жақсы көремін!!!»

Балалардың кіруі: Жүрекшелермен кіреді. «Анашым сені жақсы көремін!!!» сөзін құрастырады.

Алим: Армысыздар аяулы аналар!

Айсұлтан: Армысыздар мейірімді әжелер!

Санжар: Армысыздар қызғалдақтай құлпырған қыздар!

Жүргізуші: Ана десем сезім билер тым ыстық,

Жарасады адамдарға туыстық.

Жүргізуші:

 Бар адамға берсе ананың мейірімін,

Орнар еді бар әлемде тыныштық.

Аналар, барша қонақтар 8-наурыз мерекесі құтты болсын!

Ажар: Құрметтейік балалар аналарды

 Бізді өмірге әкелген даналарды

 Себебі ана деген асыл жан ғой

 Ойлауменен істелік әр қадамды.

Аналар мейрамдарыңыз құтты болсын!

Айсұлтан: Асқар тау,биігіміз сенсің- әже

Жүрегің теңіздей кеңсің- әже

 Ұл қызың армансыз болар еді

 Мәңгілік сен бізбен бірге күлсең- әже

Әжелер, мейрамдарыңыз құтты болсын!

Санжар: Баурап алар бірақ ауыз сәлемі,

 Қазақ қызы әдепті де әдемі.

 Қазақ қызы –ақылына көркі сай,

 Тұнып тұрған сұлулықтың әлемі

Қыздар, мейрамдарыңыз құтты болсын!

Ән: «Анашым»

Балалар отырады.

Бастарына гүлдерден жасалған ободок киген балалар шығып тақпақтарын айтады.

Амир-Бәйшешек:Бәйшешектен білеміз

                     көктем келіп қалғанын

                     Мәз боламыз  күлеміз

                     Көрсек бүршік жарғанын

Алан-Мимоза: Сары ғана гүлмін

                 Балапандай сап-сары

                 Болмаймын мен роза

                 Мен-көктемгі мимоза

Аида-Қоңыраугүл: Қоңыраудай болған соң

                         Қоңырау гүлі атанғам

                         Бір түбінен жамырап

                         Бірнеше гүл бас алған

Айдана-Раушан: Қызыл, күлгін, ақ, сары

                 Шешек атқан шақтағы

                 Хош иісі сүйсінткен

                 Раушан гүл бақтағы

Элина-Қалампыр: Сондай жұмсақ жапырақ

                      Сары, қызыл, көк, аппақ

                       Иісіне дала аңқыр

                       Атым менің қалампыр

Бәрі: Біз сияқты гүл шоғын

          Жер бетінен таппайсың

Соңында шеңбер құрып – шүл шоғын жасайды.

Анеля: «Бала-өмірдің гүлі » дейді. Бүгін, көктемнің тамаша мерекесі 8-наурыз  күні жер бетіндегі ең әдемі гүл шоғы сіздер үшін !!!

Барлық балалар: Құттықтаймыз!!!

Ободоктарды жинап аламыз.

Тақпақтар:көктем туралы(Айғаным, Димаш)

Дильназ:

Алишер:Сколько звезд на неба!

Всех не сосчитать

Эти звезды маме

Подарю опять

И однажды утром

Глядя на меня

 Мама улыбнеться:

 «звездочка моя»

Айсана: Май диа, диа мами

Ай лав ю соу мач

Ай уонт ю би хаппи

Он зе эит оф матч

Дарина: Көктем келді, көктем келді

Жадыраған жайнаған

Шашыраған сәулесімен

Жасыл көктем сайраған

Самал беттен өбеді

Көкте бұлттар көбейді

Құстар да жетер ән салып

Көгілдір нұрға тамсанып

Ән:«Көктем »

Арсен: Джентельмен ғой біздің ұлдар

Ешкімді де ұмытпар

Қыздарды да қалдырмай

Мерекемен құттықтар!

Данияр: Қыздар үшін мен бүгін

Жақсы сөздер жаттадым

Бірақ қобалжығаннан

Барлығын да ұмыттым

Алим: Мен қыздарға сыйлыққа

Көп кәмпит сатып алдым

Жолда досым кездесіп

Біз біреуін жеп көрдік

Жеткенше балабақшаға

Тек қағаздар ғана қалды

Қыздар, бізді кешіріңдер

Бізден сыйлық күтпеңдер

Дарина: Әрдайым осылай

Біз қыздар білеміз

Олар сотқар, бажылдақ

Мысық қуғыш

Шаштан жұлғыш

Осындай біздің ұлдар

 

Санжар: Ха-ха-ха

Біз үндемей қалмаймыз

Біздің топтың қыздар

Бірі ұзын, бірі қысқа

Біреуі жылап жүрсе,

Біреуі күліп жүрер

Бірақ, біздің топтың қыздар

Шеттерінен ақылды

Мерекелік гүл шоғы

Қарап тұрсаң сияқты

Қыздарға арнап

Оркестр .Қыздарға сыйлық ретінде.

Жүргізуші: Біз ешкімді құттықтауды  ұмытып кеткен жоқпыз ба?

Балалар:Әжелерді!!!

Фрекен Бок:Сильву-пле , балалар! Мен Эмираттан келе жатыр едім.  Ой-ой-ой. Ал мына жерде мереке ғой. Ал мені ешкім шақырған жоқ. Ал маған Карлсон айтты: «Балабақшада көктемді қарсы алып жатыр. Әжелер, қыздар, аналарды құттықтауда .» деп.

Жүргізуші: Фрекен Бок әжей келгеніңіз өте жақсы болды?

Фрекен Бок: Қайдағы әжей әлі жап –жаспын! Фрекен Бок ханым деп айтыңдар маған. Мыналарды қара барлығы әдемі болып киініп отыр ғой. Менде мұндай киім де жоқ.

Жүргізуші: Фрекен Бок ханым, сіз ренжімеңіз.Қазір біздің балалар сізге арзан және әдемі қалай киінуге болатынын көрсетеді.

Айлана (ди джей): Сәлем, сәлем

                                  Бүгін, осында

                                  Сендерге арналған бағдарлама!

                                  Біздің шоу басталады

                                  «Сәнді үкім» жарияланады!

Жүргізуші: «Сәндік үкім» атты шоумыз басталады.

                     Ал енді балалар,

                     Біздің білгіміз келеді,

                     «Сәндік үкімде» кімді айыптауға

                     Қолдарыңыздан келеді?

1- айыптаушы Арсен: Аналарды айыптаймыз

                                           Көйлектеріне ақшаны көп жұмсаймыз.

                                           Күнде  түрлі көйлек киюге

                                           Не үшін керек уайымдаймыз.

Жүргізуші: Аналарымыз заманға сай киінгілері келеді, сондықтан да әртүрлі көйлектер алады.

1- айыптаушы Арсен: Біздің сән басқа,

                                          Ең арзан және қарапайым.

                                          Аналарға арналған

                                          Бірінші дефилені бастаймыз,

(ортаға Айдана полиэтелен пакетінен жасалған көйлекпен шығады)

1- айыптаушы Арсен:  Қараңыздаршы қандай сәнді,

                                           Таң қалдырар баршаңды.

                                           Кірлемейді, су өптейді,

                                           Ұнтақ та, ақша да кетпейді.

Жүргізуші: Қыздар, ал сендер осы айыптаумен келісесіңдер ме?

1-қорғаушы Ажар: Айыптаумен келіспейміз

                                      Аналарымыз әдемі болсын дейміз.

                                      Өз дефилемізді ұсынамыз

                                      Аналарымызды шақырамыз.

(ортаға бір екі ана шығады)

Жүргізуші:Құрметті аналар, қай дефеле сіздердің ойыңызша өздеріңізге ылайық деп ойлайсыздар? Осы үкімді шығару үшін сіздерге ойлануға  уақыт береміз. Қазір бізде музыкалық үзіліс.

Би: «Жаяу»

Жүргізуші: Құрметті аналар өз үкімдеріңізді шапалақпен жариялайсыздар. Балалардың дефелесіне- шапалақ! Аналардың дефелесіне – шапалақ!

Жүргізуші: Ал енді жігіттер кімді айыптайсыңдар?

2-айыптаушы Айсұлтан: Әжелерді айыптағымыз келеді

                                        Күні бойы асханада жүреді

                                        Түрлі түрлі көйлек киіп

                                        Ақшаны далаға жібереді.

                                        Әжелерге арналған

                                        Дефилені ұсынғымыз келеді!

(ортаға Дильназ   қақпақтардан  жасалған көйлекпен шығады)

                                Қараңыздаршы қандай сәнді,

                                  Таң қалдырар баршаңды.

                                  Кірлемейді, жыртылмайды

                                  Әжелердің бәріне ұнайды.

Жүргізуші: Қыздар, ал сендер осы айыптаумен келісесіңдер ме?

2- қорғаушы Анель: Әжем менің әлі де,

                                     Ұқсамайды кәріге

                                     Ой десе ойы бар,

                                   Бой десе бойы бар

                                    Екінші дефилені қарсы алындар

(ортаға әжелер шығады)

Жүргізуші: Ал енді көрермендердің  пікірлерін сайлау арқылы білейік.

Сіздер ойланғанға дейін музыкалық үзіліс

Сұлу да ақжарқын әжелер. Келесі ән сіздерге арналады.

Ән: «Әжеме»

Жүргізуші:Балалардың дефелесіне- шапалақ! Әжелердің дефелесіне – шапалақ!

Әжелерімізге әжелердің дефелесі ұнады. Сән үкімі осымен аяқталды.

Нұрай Жұмсағанда барамыз,                   Зере: Әжелерді сүйеміз

Тілін дәйім аламыз                                                       Сөзін ойға түйеміз.

 Әже-біздің панамыз,                                                   Әрқашан біз ардақтап,

 Әже үлкен анамыз.                                                      Әжеге бас  иеміз.                       

Жүргізуші:

                     Балаларымыздың ән шырқағылары  келіп тұр..

                     Айлана ди-джей, сен қалай ойлайсың?

Ди-джей Айлана: Қане әнге басайық,

                               Салтанатты көңілді.

                               Таң-тамаша салайық,

                               Шалқытып шат өмірді.

Ән: «Ағылшын»

Фрекен Бок: Сәнді киіну үшін осындай ақылшы немерелеріміз болса болды екен ғой. Ән тыңдап, көңілім жайланды. Енді бір күліп, көңіл көтерсек қайтеді?

Жүргізуші: Әрине , әрине. Ойын ойнауға қалай қарайсыз?

Фрекен Бок: Ойнасақ ойнайық

Ойын: «Анаңды тап» .Ойын арасында барып қарап, күліп жүреді.

Жүргізуші:Сізге ұнады ма?

Фрекен бок: Ұнағанда қандай.. Ұнады, ұнады... Көңілім көтерілгені сондай билегім келіп кетті ғой.!!!

Жүргізуші: Қөңілдің көтерілгені, гүлдер ашылғанымен бірдей. Біздің де алаңда  гүлдеріміз ашылды.

Би: «Гүлдер»

Фрекен Бок:( тоқтай алмай билеп қыздарды айнала жүреді) Тамаша , тамаша... Көктем келгенін енді сездім. Енді үйге кетемін. Карлосын немереме бәліш пісіремін. Көктемді қарсы алып, күн шуағына қыздырылынамын. Сау болыңдар!

( модель жүріспен кетеді)

Жүргізуші: Жалғыз Фрекен Бок әжеміз емес көктемнің келгенін біз де сезінген сияқтымыз . Туған елімізге, жерімізге көктем келіп жетті!!!

Вокал «Балалалық шақ»

Жүргізуші: Елімізге, жерімізге келген көктем құтты болсын!!! Көктемнің ең шуақты мерекесі сегізінші наурыз күні құтты болсын!!!

Би общий:  «Малявки» Аяқталғасын сыйлықтарын таратады.

Жүргізуші: Сау болыңыздар!