Қонаққа Алтын күз келді
№ 10 «Жұлдыз» тобының «Алтын күз» атты мерекелік ойын сауығы
Жүргізуші: Балалар, біз күзгі орманға келдік. Күзгі орманның іші қандай әдемі ! Қане, қарайықшы. Жапырақтары сары, қызғылт, қызыл. Өте әдемі екен! Солай ма балалар. Қазір қай мезгіл?
Балалар: Күз мезгілі.
Жүргізуші: Күзде қандай өзгерістер болады?
Балалар: Күн суық болады. Жаңбыр жауады.Жел соғады
Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар.балалар, естідіңдерме желдің дыбысын, жаңбыр жауғысы кеп тұр, (Желдің жаңбырдың дауысын қою)
(Музыка ойналып,көңілсіз Бұлт келеді.)
Жүргізуші: Сәлеметсіңбе, Бұлт. Көңіл- күйің болмай тұр ғой.
Бұлт: Ия,мені қатты жел тұрып, ұшырып осы жерге әкелді. Сәлеметсіздерме қонақтар,сәлеметсіңдерме балалар. Балалар, сендер жаңбырдың қалай жауатынын білесіңдер ме?
Балалар: Иә, білеміз!
Бұлт : - Өте жақсы. Жаңбырдың балалар, өте жай, кішкене түрі болады. Оны салу үшін қолымызды жай шапалақтаймыз (балалар қолдарын жай соғады). Сонымен қатар үлкен, қатты жаңбырлар да болады ( балалар аяқтарын қаттырақ топылдатады , тезірек соғады).
Бұлт: өте жақсы балалар
Жүргізуші: Бұлт балалардың саған арнаған тақпатары мен әндерін қабыл алыңыз.
Ән: Жаңбыр
Жүргізуші: Бұлт, біздің балалар саған арнап би билегісі келіп тұр. Тамашалағың келе ме?
Бұлт : Әрине.
Би: Саңырауқұлақ (ұлдар)
Бұлт: Керемеееет. Маған сендердің билерің қатты ұнады. Рахмет!
Жүргізуші: Мерекемізді әрі қарай өлең жолдарымен жалғастырайық
Тақпақтар:
1.Сап-сары маңай Сап-сары тоғай Асанали Соңғы әнін айтып Құс кетті қайтып
2. Берекесін сыйлауға Өлкемізге күз келді Жемістерін жинауға Рамина Шақырады біздерді
3.Жапырақ ұшты Суықта түсті Сондада бізге Инкар Суық көп күзде
Бұлт: Ал балалар мен сендермен бір ойын ойнағым келіп тұр. Бәрің ортаға шығыңдар. Ойын ойнаймыз.
Ойын «Күн мен жаңбыр»
Бұлт: Балалар менің кететін уақытым таяп қалды. Сау болыңдар!
( Бұлт рахмет айтып шығып кетеді)
Жүргізуші: Балалар, қане, тыңдап көрейікші, күзгі орман бізге не деп жатыр екен? (балалар тыңдайды)
Әдемі Алтын күз
Таң атпай тұрыпты
Ойқастап жүріпті
Жан – жаққа қарапты
Жапырақтарын таратыпты, - бізге келе жатқан кім болды екен?
(Музыка ойналып , Күз ханшайымы келеді)
Күз ханшайымы :Сәлеметсіңдер ме балалар! Сендерде қандай көңілдісіңдер? қандай әдемісіңдер!
Жүргізуші: Күз ханшайымы , біз бүгін «Алтын күз» мерекесін тойлап жатырмыз. Біздің балалар саған ән сыйлағысы келіп тұр.
Ән: «Балабақша»
Күз: Балалар, биыл бау- бақшада көп жемістер мен көкөністер пісті. Маған жинауға көмектесіңдерші.
Ойын: «жапырақтарды жыйнау»
Күз ханшайымы: Рахмет, балалар! Менің жемістерім мен көкөністерім де жиналып қалды.
Жүргізуші: Күз ханшайымы! Сен жапырақтарды әдемі бояпсын. Қарашы қаншама көп. қызыл, сары, қызғылт, қоңыр жапырақтар. балалардың саған арнаған тақпақтары мен әндері бар, қабыл алыңыз.
Ән: Қызыл сары жапырақ
Тақпақтар: ( ұлдар айтады )
1.Алтын сары қызыл көк Алуан-алуан жапырақ Айсұлтан Күзгі бақта күлімдеп Көз тартады атырап
2.Жапырақ ұшты Суықта түсті Батыржан Сондада бізге Қызық көп күзде
3. Күзде дала жаурайды Көкте бұлттар аунайды Інжу Бұтағынан үзіліп Жапырақтар саулайды
4. Кап-кап,тук,тук, тук Тереземді кім қақты Ильнұр Таңертең жаңбыр жауып Балаларды оятты.
5. Күз келіпті дегенше Ибраһим Мереке болсын дегейсің Қонаққа келіп тұратын Қонақтарымыз көбейсін
Күз ханшайымы : балалар әндерің қандай керемеееет.
Жүргізуші: Мерекемізді әрі қарай жалғастырайық. Күз ханшайымы біздің қыздардың биін тамашалаңыз.
Би: (қыздар)
Күз ханшайымы: Маған сендердің билерің қатты ұнады. Рахмет.
сендермен уақыт өте көңілді өтті.Сендер өнерлі балалар екенсіңдер!9 Мен енді басқа балабақшадағы өздерің секілді достарыма барайын. Сендердің қандай ақылды, көңілді екендеріңді айтайын.
Жүргізуші: Рахмет саған, Күз ханшайымы! Біздің балаларға сыйлық беруді ұмытып кеткен жоқсыз ба?
Күз ханшайымы: Жоооқ. Балалар, мен ағаштарды сары түске бояп келе жатқанымда мына сары, әдемі орамалды тауып алдым. Бұл сиқырлы орамал.
Қане бәріміз көзімізді жұмайық. Енді менімен қайталаңдар.
Орамалды ашайық,
Астында не, қарайық? 2 рет
Бұл не?
Себет қой!
(орамал астына алма , банан салынған себет) музыка керек
Кәрзеңкенің бетін жапырақтар жауып тұрады. Ал жапырақ астынан алма шығады. Күз ханшайымы балаларға алма,банан үлестіреді. Балалар күз ханшайымына рахметін айтып қоштасады.
Жүргізуші: Осымен Алтын күзге арналған ойын сауығымыз аяқталды.