вакансия

14.10.2026

"Алтын бала" балабақшасына 2 педагог-ассистент қажет

Лауазымдық міндеттері:

психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның ұсынысы негізінде ерекше білім беру қажеттілігі бар балаға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетеді;

балалардың ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау, сондай-ақ жеке білім беру және дамыту бағдарламаларын дайындау мақсатында мамандар мен педагогтардың  командалық бағалауына қатысады;

денсаулық жағдайы мен мінез-құлық ерекшеліктеріне байланысты дербес қызметі шектелген жағдайларда білім беру ұйымындағы ұйымдастырылған оқу және басқа да іс-шараларды өткізу кезінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға көмек көрсетеді, психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетеді;

оқыту, тәрбиелеу және дамыту жұмыстары процесінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар бала туралы мәліметтерді жинақтауды және оқуды жүзеге асырады, білім беру бағдарламасын меңгеру нәтижелерін, оқу, әлеуметтік бейімдеу (мінез-құлық) дағдыларының қалыптасу динамикасын тіркейді және баланы оқыту және әлеуметтендіру процесін бақылау үшін тәрбиешілер мен мамандарға ақпарат береді;

ерекше білім алуды қажет ететін баланың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету шарттарын сақтайды;

белгіленген нысан бойынша есеп беру құжаттамасын жүргізеді.

Просмотров: 569


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу